Британдық Country & Town House басылымы саяхат жасау және заманауи мәдениетпен танысу үшін Алматыны ұсынады

17.06.2026 09:57
Нейтральные фото: Visit Almaty

Туризм, гастрономия және өмір салты бағытындағы трендтерді қалыптастыратын, ауқатты саяхатшыларға арналған беделді британдық Country & Town House басылымы Алматы туралы материал жариялап, қаланы Қазақстанның заманауи мәдениетімен танысуға арналған ең қызықты бағыттардың бірі ретінде таныстырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Басылымның қағаз нұсқасы, ресми сайты және әлеуметтік желілердегі платформаларын қоса алғанда, жалпы аудиториясы 500 мыңнан асады. Олардың қатарында саяхатшылар, кәсіпкерлер және креативті индустрия өкілдері бар. Бұл туристік бағыттар туралы жарияланымдардың халықаралық аудиторияға кеңінен таралуына мүмкіндік береді.

Жарияланымда Алматының гастрономиялық мәдениетіне ерекше назар аударылған. Сондай-ақ материалда қаланың жаңа мәдени кеңістіктері таныстырылып, олардың қатарында Almaty Museum of Arts Алматының заманауи мәдениетінің маңызды орталықтарының бірі ретінде аталған.

Country & Town House басылымындағы жарияланым Алматының халықаралық деңгейдегі танымалдығын одан әрі арттыруға ықпал етіп, қаланың бай мәдени мұрасы, гастрономиясы мен қарқынды дамып келе жатқан қалалық ортасы үйлескен заманауи туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын шетелдік аудитория арасында кеңінен насихаттайды.

Оқи отырыңыз: Алматыда заң талаптарына сәйкес келмейтін жарнама орналастырған сайт айыппұл төледі