Бүгін Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеген жолаушылардың ақшасы қайтарылады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ол үшін қосымша өтініш берудің қажеті жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы 23 тамыз - Құрылтай сайлауы күні қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүру тегін екенін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күні бойы автобус, троллейбус және метро сынды қоғамдық көліктің барлық бағытында тегін жол жүруге болады. 

23 тамызда жолақысы есептен шығарылған жолаушылардың қаражаты автоматты түрде қайтарылады. Ол үшін қосымша өтініш берудің қажеті жоқ.

Бұл дауыс беру күні Алматы тұрғындары мен қала қонақтарының еркін әрі қолайлы қатынауына жағдай жасау мақсатында қолға алынды. 
 
Басқарма тұрғындар мен қала қонақтарын сапарын алдын ала жоспарлап, қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді