Есентай жағалауындағы гүлден жасалған тауыс көпшіліктің көзайымына айналды

30.07.2026 12:30
пресс-служба акима Алматы

Есентай өзенінің жағалауында авторлық «Тауыс» композициясы алматылықтар мен қала қонақтарының назарын өзіне аударып отыр. Eco Almaty мамандарының мәліметінше, биіктігі 2,5 метр болатын көлемді топиарлық композиция серуендеу аймағы бойымен 30 метрге созылған, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Тауыстың гүлден жасалған қауырсындары целозия, петуния, цинерария және альтернантера гүлдерінен құрастырылған. Түрлі өсімдіктер мен қанық түстердің үйлесімі композицияға ерекше сән беріп, жағалаудағы ең көрікті нысандардың біріне айналдырған.

«Тауыс» сұлулықтың, әсемдік пен табиғаттың алуан түрлілігінің символы ретінде жасалған. Композиция қоғамдық кеңістікпен үйлесім тауып, Есентай жағалауындағы көпшілік суретке түсетін танымал орындардың біріне айналды.

Гүлден жасалған тауысты Таулы Қырат шағынауданындағы Есентай өзенінің жағалауынан көруге болады.

Оқи отырыңыз: Алматы мәслихатының депутаттары жол қозғалысын ұйымдастырудың жаңа қағидаларын қабылдады