Дархан Сатыбалды Алматыда қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

12.10.2026 18:09
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан сатыбалды Төтенше жағдайдың алдын алу мәселесі бойынша кеңейтілген аппараттық кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі Алматының табиғи және техногендік қауіп-қатерге дайындығын қарастырды. Әсіресе, топырақ көшкіні мен сел қаупіне, сейсмикалық қауіпсіздікке және қалалық қызметтің төтенше жағдайға ден қою әзірлігіне ерекше назар аударды.

"Сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру мақсатында Алматы мен агломерация аумағында 70 ерте хабарлау станциясы орнатылған. Сондай-ақ, халықты қабылдайтын 384 пункт және шатыр жабдықтары сақталатын 150 мобильді қойма жұмыс істейді. Сел қауіпсіздігі жайына да тоқталдық. Іле Алатауының биік таулы аймағына кешенді зерттеу жүргізіп, сел қаупі бар учаскелердің картасын әзірлеуді міндеттедім. Кеңес соңында жауапты басқармалар мен аудан әкімдіктеріне тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру және қалалық қызметтің төтенше жағдайға дайындығын күшейту жұмыстарын жалғастыруды тапсырдым", - деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы 200 келіге жуық қайта өңделетін қалдық жиналды
 

Толық көрсету