Дархан Сатыбалды Алматының Шығыс полиорталығын дамыту жобасын пысықтауды тапсырды

08.11.2026 11:54

Аумақта жаңа мәдени және қоғамдық кеңістіктер қалыптастыру жобалары қаралды 

instagram.com/darkhan_satybaldy_official

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды полиорталықтарды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында жаңа қоғамдық және мәдени кеңістіктер қалыптастыруға бағытталған жобалар мен бастамалар талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеңесте Шығыс полиорталығында интерактивті кластер құру жобасы қаралды. Жоспарға сәйкес, мұнда Creative & IT Hub, конференц-зал, коворкинг, коммерциялық және тұрғын үй нысандары бой көтеруі мүмкін.

Жобаның негізгі нысандарының бірі жаңа мешіт болмақ. Оның айналасында қала тұрғындары үшін тартымды қоғамдық кеңістік қалыптастыру көзделген.

"Құрылыс тығыздығын азайтуды және ғимараттардың қасбетін бірыңғай сәулеттік келбетке келтіруді ескере отырып, жобаны пысықтауды тапсырдым", - деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

Алматы әкімі полиорталықтарды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті. Бұл ретте қалалық ортаны кешенді дамытуға және оның сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінбек.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжанның Жеңіс күнімен құттықтады

Толық көрсету