Дархан Сатыбалды көріктендіруге қатысты жұмыстарды тұтас әрі жүйелі жүзеге асыруды тапсырды

06.02.2026 20:18

Шаһар әкімі жұмыс сапары аясында Есентай өзенінің арнасын жөндеу ісі мен әл-Фараби даңғылының бойындағы жүргінші көпірінің жағдайын көрді

Алматыда көшелерді көріктендіру, көгалдандыру мен жарықтандыру ісі қарқын алды. Мегаполис әкімі Дархан Сатыбалды атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, құрылыс нысандарын аралады, деп хабарлайды Almaty.tv

Қала басшысы көріктендіруге қатысты шаруалар қала аумағында тұтас әрі жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті. Шаһар әкімі жұмыс сапары аясында Есентай өзенінің арнасын жөндеу ісі мен әл-Фараби даңғылының бойындағы жүргінші көпірінің жағдайын көріп шықты. Дархан Сатыбалдының айтуынша, бұл жағалау тек инженерлік нысан емес, сонымен қатар тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістік болуы керек. Сапар соңында мегаполис басшысы барлық жұмысты кезең-кезеңімен сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

 «Бұл көпірдің ұзындығы 46 метр, ал ені 5 метр. Жоба маусым айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Қазір көпір тіректерін орнату үшін қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 800 диаметрлі магистральдық су құбырын салуды жоспарлап отырмыз», – деді құрылыс компаниясының директоры Радион Тен.

Оқи отырыңыз: Алматы ЖИ-ды таңдады: 2026 жыл Цифрландыру жылы болып жарияланды