Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған «Отан» орденін Қазақстанның халық жазушысы, драматург Софы Сматаевқа табыстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Марапат Софы Сматаевқа отандық әдебиетті дамытуға қосқан қомақты үлесі және әлеуметтік-мәдени саладағы жетістіктері үшін берілді. Кездесу барысында Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатын оқып берді.
Шаһар басшысы Софы Сматаевқа зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілеп, қаламгердің бай мәдени мұрасын сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Оқи отырыңыз: Алматыда қуықасты безі обырының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті