Демократиялық үдерістің маңызды бөлігі – жазушы Кәдірбек Сегізбай референдум туралы

06.10.2024 15:35

Ол ел болашағына қатысты маңызды мәселені шешуге үлес қосу керек екенін айтты

РСК

Белгілі жазушы және қоғам қайраткері Кәдірбек Сегізбай Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысы туралы референдумға қатысты. Ол өтіп жатқан референдумды демократиялық үдерістің маңызды бөлігі деп атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.       

«Референдум – әрбір азаматқа пікірін білдіріп, ел болашағына қатысты маңызды мәселені шешуге үлес қосуға мүмкіндік береді. Бүгін мен осы мүмкіндікті пайдаланып, дауысымды бердім», – деді Кәдірбек Сегізбай.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астаналық комиссияның мәліметі бойынша, 2024 жылғы 6 қазанда сағат 14:00-дегі жағдайға сәйкес қазақстандықтардың 51,77%-ы бюллетень алды. Алматы тұрғындары дауыс беру учаскелеріне сағат 20:00-ге дейін келе алады.

Оқи отырыңыз: Дауысымды ел болашағы үшін бердім – журналист Бигелді Ғабдуллин таңдау жасады