Спорт күні: Алматыда күш, жылдамдық және командалық рух мерекесі өтеді

12.08.2025 17:40

Спорт фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарына жарқын эмоциялар, әсерлі жарыстар және жаңа жеңістерге шабыт сыйлайды

Фото: Sportevents

17 тамыз күні Орталық стадионда Қазақстан Республикасы Спорт күніне арналған жарқын спорттық шара – Спорт фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл күні қонақтарды бай бағдарлама мен әртүрлі спорт түрлерінен жарыстар күтеді:

- Жеңіл атлетика – жүгіру, секіру және лақтыру сайыстары;
- Экстремалды атлетика – ең төзімділерге арналған кедергілермен жүгіру;
- Шахмат – зияткерлік сайыстар;
- Тоғыз құмалақ – дәстүрлі қазақ үстел ойыны;
- Қазақ күресі – ұлттық күрес;
- Грек-рим және еркін күрес – күш пен техниканың тоғысқан күресі;
- Фиджитал футбол – приставкадағы және алаңдағы футболды біріктіретін ерекше формат;
- Баскетбол 3х3 – қарқынды көше матчтары;
- Каратэ және таэквондо – шығыс жекпе-жектері, шеберлік пен тәртіп;
- Теннис – шеберлік сабақтары мен көрсетілім ойындар.

Өтетін орны: Орталық стадион
Басталуы: 10:00
Кіру тегін