Драматург Нұрлан Оразалин Алматыда референдумда дауыс берді

06.10.2024 13:34
РСК

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын, драматург Нұрлан Оразалин Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өткен референдумға қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.    

Нұрлан Оразалин №125 мектепте орналасқан №301 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

«Мен Қазақстан азаматы ретінде конституциялық құқығымды пайдаланып, дауыс бердім. Өйткені ел тағдыры – менің тағдырым, балаларымның, халқымның тағдыры! Бүгін біз үшін тарихи күн. Бұл референдум – демократиялық құндылықтың көрсеткіші. Қазіргі таңда бізге көптеген мүмкіндік ұсынылып отыр. Біздің елімізді бүкіл әлем бақылап отыр, сондықтан қазақстандықтар бірлік танытып, конституциялық құқығын дұрыс пайдалануы керек деп санаймын», – деді ол.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев та жұбайымен бірге таңертең №388 мектеп-лицейде орналасқан сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Қалада барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Алматылықтар өз сайлау учаскесіне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.

Оқи отырыңыз:   Алматыда сайлау учаскелерінде кезек байқалады