Алматы тауларындағы экоакция: қоқыс жинап, кофе ал

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда табиғат аясында демалысты пайдалы іспен ұштастыруға мүмкіндік беретін жаңа экологиялық бастама іске қосылды. Бутаков шатқалында, әйгілі сарқырамаға апарар жол бойындағы «Бұтақты» визит орталығы қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ерекше акцияны ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді Іле-Алатауы ұлттық саябағының бағыты бойымен серуендегендер табиғатқа жанашырлық танытып, жол бойындағы қоқысты жинап, оны визит орталығына өткізе алады. Ал акцияға қатысушыларға алғыс ретінде тегін кофе немесе шай беріледі.

Бұл бастама «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылып отыр. Оның мақсаты — тұрғындар мен туристерді табиғатты аялауға, тазалық сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ынталандыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар демалыс мәдениетін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын күшейтеді.

Айта кетейік, Іле-Алатауы ұлттық саябағында орналасқан «Бұтақты» визит орталығы танымал туристік бағыттардың бірінде ашылған. Енді Бутаков сарқырамасына бет алған әрбір адам бұл экоакцияға қатыса алады.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы «Ten Qogam»: ерекше қажеттілігі бар жандарға кешенді қолдау және жұмысқа орналасуға жол

Новости партнеров