Еңбек күні: Алматыда кімдер марапатталды

30.09.2024 в 13:31

Іс-шараның мақсаты – түрлі сала майталмандарының еңбегін дәріптеп, өскелең ұрпаққа өнеге ету

Еңбек күні қалтқысыз қызмет етіп, өз саласында жетістікке жеткен мамандарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы әкімдігінің мұрындық болуымен шаһардың өркендеп-өсуіне елеулі үлес қосқан 14 азамат марапатталды. Төртеуіне «Еңбек ардагері» медалі беріліп, 10 адамға арнайы алғыс хат табысталды. Іс-шараның мақсаты – түрлі сала майталмандарының еңбегін дәріптеп, өскелең ұрпаққа өнеге ету.

"Қазақта «Еңбек етсен ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген аталы сөз бар. «Еңбек ер атандырады»  дейді. Сондықтан, қайда болса да, еңбек еткен адамның іс-әрекеті бағаланады", – деді Алатау ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі Мәли Жапақұлы.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Еңбек адамы» марапаты кімдерге табыс етілді