Еңбек күні: ардагер ұстаздардың тәжірибесі жастарға үлгі болды

25.09.2025 14:12

Жастар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды

Алматыда Еңбек күні мерекесіне орай білім беру саласының ардагерлерімен кездесу өтті. Шаһардағы колледждердің бірінде өткен басқосу тәжірибесі мол мамандардың еңбек жолын өскелең ұрпаққа насихат ету мақсатында ұйымдастырылға, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Іс-шарада кәсіптік білім беру ісі майталмандарының елеулі жетістіктері сөз болып, жастар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ жиында саланың өзекті мәселелері, техникалық және кәсіптік білім беру мен маман даярлаудың сапасын жетілдіру ісі талқыланды.

«Ардагер ұстаздарымыз бен ағаларымыздың қаламызға және елімізге сіңірген еңбектерін жастарға, студенттерге үлгі әрі мотивация ретінде көрсету мақсатында бүгін осы іс-шараны ұйымдастырып отырмыз», - деді колледж директоры Бектұрған Ахметов.

«Енді республикамызда жалпы жұмысшы мамандықтарын дайындау, меніңше, басқа мемлекеттерден еш кем емес. Себебі осы салада істеп жүріп, жұмысшы мамандықтарын даярлау Батыс Еуропа, Қытай, Оңтүстік Корея сияқты көптеген мемлекеттің бәрін араладым», - деді кәсіптік білім беру саласының ардагері Ысқақ Нұрмұхамбетов.

Оқи отырыңыз: Алматыда мектеп оқушыларына қаржылық қауіпсіздік сабақтары өтіп жатыр