Алматы қаласының спортшылары спорттық және батуттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының екі ірі чемпионатында табысты өнер көрсетті. Бұл туралы қалалық спорт басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
25–29 наурыз аралығында Алматыда еліміздің 8 өңірінен келген командалардың қатысуымен спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша қала құрамасы 14 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 3 күміс және 7 қола. Сонымен қатар команда жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты.
Көпсайыста Илана Раздыкова мен Алтын-Аяла Бақыт бірінші орын иеленді. Жүлдегерлер қатарында Вероника Светоносова, Алиса Карпенко, Айзере Серік және Аяла Шыңғысқызы бар.
Жекелеген сайыстарда:
Жарыс кезеңі 25–30 наурыз аралығында Павлодар қаласында өткен батуттық гимнастикадан Қазақстан чемпионатымен жалғасты. Оған 9 қаладан 220 спортшы қатысты.
Алматы құрамасы 6 медаль жеңіп алды: 1 алтын, 3 күміс және 2 қола.
Акробатикалық жол бойынша командалық есепте Елизавета Филимонова, Милана Флегентова, Алина Петрова және Раушан Қанапия құрамындағы Алматы командасы екінші орынды иеленді.
Қалалық спорт басқармасы мамандары атап өткендей, алматылық гимнасттардың нәтижесі спортшылардың жоғары дайындық деңгейін және республикалық жарыстардағы тұрақты көрсеткішін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Оқи отырыңыз: Жолдар, жарықтандыру және үйлерді бұзу: Алматының Алатау ауданында не өзгереді