Бұл — Қазақстандағы әуесқой велоспорттың ең беделді жарыстарының бірі
Жексенбі күні Алматыда «Giro d’Almaty 2025» веложарысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
2025 жылғы 19 қазанда Алматыда әуесқойлар мен велоспорт ардагерлері арасында дәстүрлі шосселік Giro d’Almaty веложарысы өтеді. Бұл — Қазақстандағы әуесқой велоспорттың ең беделді жарыстарының бірі.
Жарыс өткізілуіне байланысты сол күні сағат 08:00-ден 09:30-ға дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Шектеу Керей – Жәнібек хандар көшесінің батыс жағында, яғни «Royal Tulip Almaty» қонақүйінен (Керей – Жәнібек хандар көш., 401/2) бастап «Медеу» мұз айдынына дейінгі аралықта енгізіледі.
Қозғалыс шектеуі қатысушылардың бағытына қарай кезең-кезеңімен алынып отырады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан түсіністік танытып, бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі ТЖД мамандандырылған жасағының жұмысымен танысты