Алматыда кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

10.10.2024 10:15

Жәрмеңкеге Алматы мен Абай облыстарының ауылшаруашылық өндірушілері мен фермерлер қатысады

Almaty.tv

12-13 қазанда сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жәрмеңкеге Алматы мен Абай облыстарының ауылшаруашылық өндірушілері мен фермерлер қатысады.

Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.

 Өнімнің жалпы көлемі 300 тонна құрайды, оның ішінде:
* Ет өнімі – 100 тонна;
* Жеміс-көкөніс өнімі – 100 тонна;
* Сүт өнімі – 30 тонна;
* Балық өнімдері – 10 тонна;
* Өзге өнімдер – 60 тонна.

Жәрмеңке өтетін орын – Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.

Оқи отырыңыз: «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша қанша өтініш қаралды