Өнімдерді 300-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ұсынады
Алматыда қолжетімді бағада жаңа әрі балғын өнімдер алуға болатын тағы бір орын ашылады. Жетісу ауданында «демалыс күнгі жәрмеңке» жұмысын бастайтынын «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы хабарлады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жәрмеңкенің мақсаты – жергілікті шаруаларға өз өнімдерін өткізуге мүмкіндік жасау, ал тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті қолжетімді бағамен ұсыну.
Алдағы демалыс күндері Құлагер ықшамауданындағы «Гүлдер» саябағының алдында 15 сауда жасайтын шатырлар қойылады. Мұнда жылқы, сиыр, қой және құс еті, сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ жаңа піскен нан-тоқаш өнімдері сатылады. Сауда алаңы демалыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Қазір демалыс күнгі жәрмеңкелер Алматының бірнеше ауданында тұрақты түрде өтеді:
Апта сайын жәрмеңкелерге 45 мыңнан астам қала тұрғыны келеді. Өнімдерді Алматы мен Алматы облысының 300-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ұсынады. Сауда сөрелерінде 1000-нан астам тауар түрі бар: ет, жұмыртқа, көкөніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері, шұжық, бал және тағы басқасы.
Бағаны тұрақтандыру шаралары аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер нарықтағыдан 15–20 пайыз төмен бағамен сатылады.
Оқи отырыңыз: "90 күн – таза қала үшін": алматылық жас блогер экочеллендж бастады