Инклюзивті академия төңірегіндегі түйін: әр баланың білім алуына қалай жағдай жасалмақ

60 балаға арналған инклюзивті академияда 200-ден аса оқушы білім алып келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

60 балаға арналған инклюзивті академияда 200-ден аса оқушы білім алып келген. Осы жағдайға қатысты Алматыда қалалық Қоғамдық кеңестің білім беру мәселелеріне арналған кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиында қоғамдық бірлестікке қатысты жағдай талқыланды. Білім басқармасы әр баланың оқуын әрі қарай жалғастыруына жағдай жасалатынын мәлімдеді. Бұл ретте оқушының тұрғылықты жері, білім алатын тілі, сыныбы және жеке білім беру қажеттіліктері ескеріледі. Жиын қорытындысы бойынша оқушылар саны мен үйде білім алып жатқан балаларға қатысты мәліметтерді тексеруді аяқтау, медициналық қорытындыларға байланысты мәселелерді нақтылау және әр баланың әрі қарайғы білім алу бағытын жеке айқындау ұсынылды. Кездесудің мақсаты да сол – барлық тараптың пікірін ескере отырып, мәселені жан-жақты қарау және балалардың құқығы мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.

Еске сла кетейік, бұған дейін ата-аналар тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға байланысты бірқатар өтініш түскен.

«Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыға сәйкес, «Педагогтер академиясында» бар болғаны 60 бала білім ала алады. Ал іс жүзінде мұнда шамамен 270 оқушы бар. Оның үстіне мұнда педагогтердің де білім алып жатқаны айтылды. Сондықтан түсініксіз жағдай қалыптасып отыр. Осыған байланысты Қоғамдық кеңес бүгін инклюзия мәселелері бойынша кеңес құру жұмысын жалғастырды. Бұл кеңес аталған процестердің барлығына мониторинг жүргізеді», – деді қалалық Қоғамдық кеңесі білім беру жөніндегі комитетінің төрағасы Рафаэль Гасанов.

Оқи отырыңыз: Қазығұрттағы нөсер: тұрғындарға көмек тек демеушілер есебінен беріледі