Алматыда Қала күніне арналған негізгі іс-шаралар 19 және 20 қыркүйекте болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мегаполис мерекесіне орай Абай және Астана алаңдарында түрлі фестивальдер, эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер, ұлттық ойындар мен театрландырылған қойылымдар өтеді.
Сонымен қатар қаланың 8 ауданында да мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады.
Биыл Қала күні несімен ерекшеленеді? Тұрғындар мен қонақтарды қандай қызықты іс-шаралар күтеді? Осы және өзге де сауалдарға студия қонағы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев жауап береді.