Қала күніне орай Алматыда халықаралық D Billions балалар шоуы алғаш рет өнер көрсетеді

18.09.2026 21:43

Танымал артистер көрермендерге мерекелік бағдарлама ұсынады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Қала күніне орай Абай алаңында халықаралық деңгейде танымал балаларға арналған D Billions жобасы алғаш рет өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қырғызстаннан шыққан танымал артистер әрі балаларға арналған контент жасаушылар көрермендерге мерекелік бағдарлама ұсынады.

D Billions – YouTube платформасында халықаралық танымалдыққа ие болған, әлемдегі ең танымал балалар музыкалық топтарының бірі. Олардың әндері, би челлендждері мен жарқын музыкалық бейнелері әлемнің түкпір-түкпіріндегі балалар мен отбасылардың сүйіспеншілігіне бөленген. Жоба контентінің жалпы қаралымы ондаған миллиардқа жетеді.

20 қыркүйекте сағат 19:00-де D Billions бүлдіршін көрермендерге арналған жарқын музыкалық-би бағдарламасын ұсынады.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын Қала күнін бірге атап өтіп, мерекелік іс-шараның ерекше атмосферасына қосылуға шақырамыз!

Оқи отырыңыз: Алматыда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегері Арман Қошқаров марапатталды

Толық көрсету