Референдумға дейін:
21
күн
5
сағат
14
минут

Қауіпсіздік басты назарда: Алматыда төтенше жағдайлар туралы ақпараты шұғыл тарататын мобильді қосымша іске қосылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қауіпсіздік басты назарда. Алматыда төтенше жағдайлар туралы шұғыл жаңалықтар мен хабарламалар тарататын арнайы мобильді қосымша іске қосылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар департаментінің гарнизоны – елдегі ең жақсы жабдықталған бөлімдердің бірі. Ондағы техникалық дайындық деңгейі 97 пайыз. Былтыр жергілікті бюджет есебінен 33 жаңа техника сатып алынған. Қатарында су таситын көліктер, газ-түтіннен қорғау қызметінің машиналары мен апаттық-құтқару кешендері, реанимобильдер, автосатылар және таулы аймақтарда жұмыс істеуге арналған квадроциклдер бар. Сонымен қатар қалада жаңа өрт сөндіру бөлімдері салынып, жедел байланыс желілері жаңғыртылуда.

«Қалада өрт қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін норматив бойынша 35 өрт сөндіру бөлімі болуы қажет. Министрлік және қала әкімдігінің қолдауымен бұл жұмыс қазір белсенді түрде жалғасып жатыр. Тәулігіне операторлар үш мыңнан аса өтініш қабылдайды. Қаладағы бейнекамераларға қосылған арнайы жүйе жағдайды құтқарушылар жеткенге дейін бағалап, қажетті күштерді жедел жіберуге мүмкіндік береді», – деді қалалық ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов.

Сонымен қатар қалада азаматтық қорғаныс бойынша жаңа оқу орталығы ашылған. Онда заманауи үлгідегі сынып, алғашқы көмек көрсету және жер сілкінісі кезінде іс-қимыл жасауға арналған практикалық бөлмелер бар.

«Оқу бағдарламалар 22 санатты қамтиды. Олардың қатарында аудан әкімдері мен орынбасарлары, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандары бар. Бізде екі және үш күндік курстар ұйымдастырылады. Оқу соңында тыңдаушылар қорытынды тест тапсырып, департамент бекіткен үлгідегі сертификат алады. Бұдан бөлек, көшпелі сабақтар өткізіп, мектептер мен балабақшаларда интерактивті дәрістер жүргіземіз», – деді ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы қуаныш Оспанов.

Мамандардың сөзінше саладағы жаңашылықтың бірі – арнайы мобильді қосымшасының іске қосылуы. Жүйе арқылы азаматтар шұғыл жаңалықтар мен хабарламаларды ала алады. 

Диана Тұрлыбек, Владислав Иващенко,  Думан Дәулетбақұлы

Оқи отырыңыз: Елімізде қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар мектептен уақытша шеттеледі

Новости партнеров