Референдумға дейін:
21
күн
10
сағат
52
минут

Елімізде қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар мектептен уақытша шеттеледі

Дәрігерлер ауру 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында көп таралғанын айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар мектеп пен балабақшадан уақытша шеттеледі. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы тиісті қаулы қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Оның сөзінше, егер білім ошақтарында жеткіншектердің бірі қызылшамен ауырса, вакцина салдырмаған барлық бала карантин аяқталғанға дейін үйіне жіберіледі. Сондай-ақ екпе алмаған балалар жоспарлы ем алу үшін стационарға уақытша жатқызылмайды. Бұл шаралардың мақсаты – елде қызылшаның таралуын тоқтатып, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру.

 Ол жыл басынан бері 3300-ден аса жағдай тіркелгенін айтады. Оның 84 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар.

«Денсаулығына байланысты екпе алмаған балалар карантин аяқталғаннан кейін мектепке, балабақшаға қайта оралады. Алайда 21 күндік шектеу шаралары кезінде вакцина салдырмаған барлық бала уақытша шеттетіледі. Ал медициналық қарсы көрсеткіші жоқ балалар болашақта міндетті түрде вакцина салдыруы тиіс», – деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы  Сархат Бейсенова.

Балаларды қызылшаға қарсы вакциналау күшейтілген. Дәрігерлер ауру 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында көп таралғанын айтты. Тоғыз өңірде сырқаттанғандардың саны өскен. Олар – Астана, Алматы қалалары, Жамбыл, Атырау, Ұлытау, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстары.

«Бірінші ақпандағы жағдай бойынша елімізде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы 686 784 доза вакцина бар. Бұл шамамен 4-5 айға жетеді. Екпе Үндістанда жасалған. Сертификатталған және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкес келеді», – деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы  Сархат Бейсенова.

Оқи отырыңыз: Қызылша өсімі байқалған 9 өңірде қосымша иммундау жұмысы күшейтілді

Новости партнеров