Құқықтық мәдениет пен цифрлық қауіпсіздік:  Алматыда әскери қызметкерлермен кездесу өтті

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ақпараттық-түсіндіру шарасы ұйымдастырылды

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімі базасында әскери қызметкерлермен «Заң мен тәртіп: құқықтық мәдениетті және азаматтық жауапкершілікті нығайту» тақырыбында кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шара ұйымдастырушысы әрі модераторы – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығының басшысы Акильжанова Ләззат Төкенқызы.

Іс-шара спикерлері:

  • Әбдікәрімова Әсел Салманқызы — Алмалы ауданы прокуратурасының аға прокуроры;
  • Көбеев Дәурен Асқарұлы – Алматы қаласы Полиция департаменті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі;
  • Ибрагим Шыңғысхан Тыныштықұлы — Алматы қаласы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты.

Кездесу барысында спикерлер Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың 5-отырысында қоғамды біріктіруге, патриотизмді дамытуға, әділеттілікті нығайтуға және «Заң мен тәртіп» қағидатын бұлжытпай сақтауға бағытталған маңызды бастамаларды атап өткенін жеткізді.

Шара барысында құқықтық мәдениетті нығайту мен азаматтық жауапкершілікті арттыру, цифрлық қауіпсіздік, есірткі қылмысының алдын алу және жеке деректерді қорғау, сондай-ақ цифрлық иммунитетті қалыптастыру мәселелері талқыланып, қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер ұсынылды.  

Оқи отырыңыз: Өлшем дәлдігі – сенім негізі: «ҚазСтандарттың» Алматы бөлімшесінің жылдық жұмысы қорытындыланды

Новости партнеров