Құрылтай үшін дауыс берді: Алматыдағы сайлау учаскесіндегі ерекше сәйкестік

23.08.2026 08:16

Құрұлтай Сәткенбаев Бостандық ауданындағы №294 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Алматыдағы сайлау учаскелерінің біріне есімі Құрылтай болатын қала тұрғыны келді. Сайлау қарсаңындағы жаңалықтан есімін жиі естіген ол мұндай маңызды күннен шет қалмауды жөн көрген сыңайлы, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрұлтай Сәткенбаев Алматының Бостандық ауданындағы №294 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

Бір қызығы, Алматыда Құрұлтай есімді небәрі екі адам тұрады. Солардың бірі бүгін сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады.

Осындай да сәйкестік болады: бүгін Құрұлтай — Құрылтай үшін дауыс берді.

Оқи отырыңыз: Алматыда Қазақстанның халық артисі Мұрат Серкебаев алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Толық көрсету