Биыл Алматыда жарты жылдың ішінде 55 шағын және орта бизнес өкілдеріне 4,5 миллиард теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді. Соңғы 5 жылда 600-ден аса жоба мемлекет шапағатын көріп, 3 мыңға жуық адам жұмысқа орналасқан. Ал қазір қалада кәсіпкерлік қалай қарқын алуда? Осы және өзге сұраққа «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Стратегиялық даму бөлімінің басшысы Әбілқайыр Аймұхамбет жауап береді.
Толығырақ төмендегі бейнематериалдан көре аласыз.