Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды

20.09.2025 11:15

Жоба аясында кешенді жұмыстар жүргізілді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кунгурская көшесінде Оспенко көшесінен бастап Тынышбаев көшесіне дейінгі аралықта жүргіншілер серуен аймағын абаттандыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жоба аясында кешенді жұмыстар жүргізілді. Тротуарға кеспе тас төселіп, жиектастар орнатылып, асфальт жабындысын төселіп, шағын сәулет нысандарын орнатылып, сыртқы жарықтандыру желісі тартылып, қоршау қойылды.

Сонымен қатар аумақты абаттандыру аясында жасыл желек санитарлық мақсатта кесіліп, суару жүйесі орнатылды, көгалдандыру аймақтары жоспарланып, бұталар отырғызылды.

Бүгінде бұл қоғамдық кеңістік шағынаудан тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды.

Оқи отырыңыз: Қала күні қарсаңында: Алматы тазалығына үлес қосып жүрген "көрінбейтін" батырлар еңбегі