"Қарттарым – қазынам": Алматыда мектеп оқушылары ардагер әжеге құрмет көрсетті

26.09.2025 13:58

1 қазан – Қарттар күні

№196 мектеп басшылығы

Алатау ауданы №196 мектептің 6-сынып оқушылары 1 қазан – Қарттар күні қарсаңында 85 жастағы Зульярова Гули әженің үйіне арнайы барып, көңілін көтеріп, үй шаруасына қолғабыс жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қария – әр отбасының, әр елдің асыл қазынасы. «Қарты бар үй – қазыналы» дейді халқымыз. Қарттарын ардақтаған ұрпақ – рухани бай ұрпақ. Осындай игі іс-шаралар жасөспірімдердің бойында үлкенге құрмет пен қамқорлықты, ізгілік пен мейірімділікті қалыптастыруға жол ашады.

«Оқушылардың өз еркімен мұқтаж жанға көмек көрсетуге талпынуы және қолдарынан келгенше қолғабыс етулері – олардың жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымының айғағы»,- дейді мектеп басшысы Бәтен Рүстембекқызы.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі жылу беру маусымына дайындықты қатаң бақылауды тапсырды