Қазақстандық артист Даяна Жетпісова XII Халықаралық «Цирк ханшайымы» фестивалінде Күміс тәж иегері атанды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ мемлекеттік циркінің артисі Даяна Жетпісова Саратовта (Ресей Федерациясы) өткен XII Халықаралық цирк өнері «Цирк ханшайымы» фестивалінде Күміс тәж жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Цирк ханшайымы» фестивалі — әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік әйел цирк артистерін тоғыстыратын ең айтулы халықаралық өнер алаңдарының бірі. Биыл байқау бағдарламасына 14 елдің өкілдері қатысып, цирк өнерінің түрлі жанры бойынша жоғары кәсіби шеберлігін паш етті.

Төрт күнге созылған фестиваль барысында көрермендер мен халықаралық қазылар алқасы әуе гимнастикасы, акробатика, эквилибр, антипод, жануарларды үйрету және өзге де цирк жанрларындағы ерекше әрі әсерлі қойылымдарды тамашалады. Жалпы байқау бағдарламасына 18 нөмір енгізілді.

Қазақстан атынан фестивальге Қазақ мемлекеттік циркінің артисі Даяна Жетпісова қатысты. Ол К. Досбатыровтың жетекшілігімен дайындалған белбеудегі әуе балансы жанрындағы «Покахонтас» нөмірін орындады. Өнерпаздың жоғары орындаушылық шеберлігі, сахналық шеберлігі мен күрделі трюктері халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, фестивальдің басты марапаттарының бірі Күміс тәжді жеңіп алды. 

Даяна Жетпісованың жеңісі отандық цирк өнері үшін маңызды жетістікке айналып, қазақстандық цирк мектебінің халықаралық аренадағы жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931 млрд теңгеден асты

Новости партнеров