Қазақстандықтарды азаматтық  парызын орындауға шақырамын – Назым Қызайбай

Боксшы Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әйелдер боксы бойынша Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беріп, АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атақты спортшы өзінің азаматтық парызын  алғашқылардың бірі болып орындап, азаматтарды референдумда  дауыс беруге шақырды.

"Мен дауыс бердім және әркім өз таңдауын жеке сенімдеріне қарай жасауы керек деп санаймын. Әрбір дауыс маңызды, біздің отандастарымыз бұл мәселеде белсенді болатынына сенімдімін", - деді Назым Қызайбай.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейдегі №388 сайлау учаскесіне келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс беруге қатысты. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.

Оқи отырыңыз: Алматыда референдумда дауыс берген алғашқы сайлаушыларға сыйлық берілді

Новости партнеров