«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына өтінім қабылдау 1 қарашаға дейін жалғасады
Алматының Шаңырақ-1 шағынауданындағы Ақын Сара көшесінде тұрғындардың серуендеп, тынығуына арналған жаңа қоғамдық кеңістік көркейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бұл бағдарлама қала тұрғындарына шағынаудандарын көркейту бойынша бастамасын ұсынуға мүмкіндік береді.
Сквер аумағында жүргінші жолы салынып, демалуға арналған орындықтар мен жарық шамдары орнатылды, сондай-ақ көгал төселді.
Енді шағынаудан тұрғындары серуендеп, отбасымен уақыт өткізіп, таза ауада тынығуға болатын тағы бір көрікті орынға ие болды.
Еске салайық, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына өтінім қабылдау 1 қарашаға дейін жалғасады.
Тұрғындар аула мен қоғамдық кеңістіктерді көріктендіруге бағытталған жобасын ұсынып, ауданының дамуына үлес қоса алады.