Халық заңгері: шаһар тұрғындары заңгерлерден кеңес ала алады

Атап өтейік, науқан жыл сайын 30 мамырда өткізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Халық заңгері» республикалық науқаны ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Маңызды іс-шара тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруды, халыққа заңнамалық бағыт-бағдар беруді мақсат еткен. Сонымен қатар бастама арқылы азаматтардың жылдар бойы түйіні тарқамаған мәселесін шешіп беру көзделген.

Атап өтейік, науқан жыл сайын 30 мамырда өткізіледі. Шаһар тұрғындары кешке дейін заңгерлерден кеңес ала алады.

 «Біріншіден, келген халыққа, Алматы тұрғындарына  Қазақстанда жаңадан енгізіліп жатқан заңнамаларды, жер, тұрғын үй бойынша сұрақтарға жауап беріп, түсіндірілді. Әділет департаменті тарапынан тұрғындар мәселесіне қарай заңнамалық көмек беріп, қолдаймыз», – деді заңгерлер палатасының мүшесі Әсемгүл Смағұлова.

Оқи отырыңыз: Алматыда балаларға арналған спорттық мереке өтті

Новости партнеров