25 қыркүйекте Көктөбе келушілер үшін уақытша жабылады

23.09.2026 11:25

Осыған байланысты сапар бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады

depositphotos.com

25 қыркүйек күні сағат 00:00-ден 17:00-ге дейін Көктөбе аумағы келушілер үшін толықтай жабық болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы уақыт аралығында аспалы жолдың жұмысы тоқтатылады. Сондай-ақ автокөлік қозғалысына шектеу қойылып, жаяу жүргіншілер бағыттары мен соқпақтарына кіруге болмайды.

Осыған байланысты Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына аталған шектеулерді ескеріп, сапар бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Көктөбе аумағына кіруге қойылған уақытша шектеу 25 қыркүйек күні сағат 17:00-ге дейін жалғасады.

Толық көрсету