Жаңа Конституция күшіне енуіне байланысты балалар айрықша сурет салды

02.07.2026 16:38

Жас суретшілер өз қылқаламы арқылы ел ертеңіне деген көзқарасын жеткізді

Алматыдағы Оқушылар сарайында Конституцияның күшіне енуіне орай «Балалар болашақты бейнелейді» атты пленэр өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Кенеп, бояу палитрасы және жарқын болашаққа деген сенім» тақырыбы аясында ұйымдастырылған шығармашылық іс-шараға №199 мамандандырылған гимназияның оқушылары мен Оқушылар сарайының бейнелеу өнері студиясының тәрбиеленушілері қатысты.

Жас суретшілер өз қылқаламы арқылы ел ертеңіне деген көзқарасын жеткізіп, Жаңа Қазақстанның бейнесін қағаз бетіне түсірді. Туындыларда заманауи қалалар, цифрлық инновациялар, ұлттық мәдениет пен отбасылық құндылықтар көрініс тапты.

«Балалардан, тіпті, үлкен суретшілер де үйренетін дүниелер бар. Олардың ойы ұшқыр, қазіргі заманның өзгерісін жақсы сезінеді. Қазақстан дамып келеді. Бүгін де жақсы туындылар шығады деп ойлаймын», – деді суретші Алпысбай Қазғұлов.

Оқи отырыңыз. Алматының индустриялық аймағында 11 жаңа жоба іске қосылады