Алматыда қоқыс алаңдарында видеобақылау камералары орнатылады

21.11.2024 19:00

Келесі жылы шаһарда 800 қоқыс алаңы жаңартылады

Фото предоставлено пресс-службой акима Алматы

Алматыда келесі жылы 800 қоқыс алаңы жаңартылады. Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында және Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Келесі жылы қоқыс алаңдарын жаңғырту жоспарлануда. Біз оларды ретке келтіреміз. Жұмадан бастап демалыс күндері жағдай күрделене түсетінін және алаңдар қоқысқа толып жатқанын білемін", – дедіАлматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Барлығы 800 қоқыс алаңын жаңарту жоспарлануда. Ерболат Досаев қала тұрғындарына үлкен көлемдегі қоқыстарды тастамау керек екенін ескертті.

"Біз қатаң жаза болады, жаңа ережелерде бекіттік. Сондай-ақ қоқыс алаңдарына камералар орнатамыз. Бұл құқықбұзушыларды тез анықтауға мүмкіндік береді. Келесі жылы алғашқы 400 камераны іске қосамыз", – деді әкім.

Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес жылжымайтын объектілерді салуды және жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға дербес әкетуді жүргізуі немесе қоқысты ақы төлеу арқылы мамандандырылған ұйымдарға жүгінуі не оны өздері Алматы облысының Іле және Қарасай аудандарында орналасқан полигондарға жеткізуі тиіс.

Оқи отырыңыз:Алматыда балалардың бес шығармашылық орталығы салынады