Қос мереке қатар аталды: Алматының Алатау ауданында қандай іс-шара өтті

Жиында ел тыныштығын күзеткен сарбаздарға құрмет көрсетіліп, ардагерлерге тағзым жасалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алатау ауданында да Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.TV тілшісі.

Жиында ел тыныштығын күзеткен сарбаздарға құрмет көрсетіліп, арнайы жасақ қызметкерлері, ардагерлер мен оқушылардың қатысуымен шеру ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, көрермендер қызметтік иттердің қойылымын тамашалап, түрлі әскери қару-жарақ пен техника қойылған көрмеге қатысты.  

«Таңертең сағат 10.00-де аудан әкімдігінің алдында гүл шоғын қою рәсімі өтті. «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қойдық. Мерекелік шарадан және мерекелік дастарханнан кейін тыл ардагерлерін және теңестірілген екі ардагерді үйіне барып, құттықтайды», - деді Алатау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айнат Қажығалиева.

Салтанатты жиында әскери қойылымдардан бөлек, шығармашылық топтар да өнер көрсетті.  «Майданнан хат» атты театрландырылған спектакль көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Ал «Топжарған» тобының акробатикалық шоуы мен концерттік бағдарлама мерекенің көркін ашты. Іс-шара барысында отшашу да болды.  

«Біз осы іс-шараның басы-қасында жүргендіктен, әкімдіктің қосқан үлесі зор екенін жақсы білеміз. Іс-шара ата-баба рухын, аруағын қолдайтынымызды, ұмытпағанымызды көрсеткендей. Бұл жерде әскери қызметтегі сарбаздар да, Ауған соғысы ардегерлері де, сонымен қоса ұрыс қимылдарының ардегерлері де келді», - деді Алатау ауданы «Намыс» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алмасбек Айдарбаев.

Оқи отырыңыз: Қарулы күштер – тәуелсіз елдің қорғаны: Алматыда мерекелік концерт өтті

Новости партнеров