Көшеде түкіріп, темекі тұқылын тастайтындар қанша айыппұл төлейді

03.10.2024 15:13

Алматы полициясы тұрғындарды қоғамдық орындарды ластамауға шақырады

Алматы полициясы тұрғындарды қоғамдық орындарды ластамауға шақырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы полициясы қоғамда «құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде.

«Мүлдем төзбеушілік – ұсақ құқықбұзушылықтарға қарсы әрекет. Әркім азаматтардың құқығын құрметтеп, қоғамдық тыныштықты бұзбай, өз мәдениетін көрсетуі керек. Әкімшілік заңнама талаптарына сәйкес, қоғамдық орындарды ластағаны және қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 20-дан 300 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде жауапкершілік қарастырылған», – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаев.

Алматыда жыл басынан бері осыған ұқсас 36 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды. Сондай-ақ полицейлер ұсақ құқықбұзушылықтардың жолын кесуде қаладағы заңдылық пен тәртіптің жай-күйіне бей-жай қарамайтын азаматтық қоғамға ерекше рөл берілгенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматыда туристерге қатысты алаяқтықтың беті ашылды