Канье Уэсттің Алматыдағы шоуы ауқымы әрі көрерменге ұсынған әсерлі көріністерімен таңғалдырып жатыр. Орталық стадион музыка, жарық пен визуалды эффектілер біртұтас үйлесім тапқан алып сахнаға айналды,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Көпшіліктің назарында – алып жарқыраған сфера. Оның айналасында футуристік жарық пен лазерлік шоу өрбиді. Стадионды түгел қамтыған қуатты көлемді дыбыс, пиротехникалық эффектілер мен жарқылдаған жарық әр қойылымның әсерін еселей түседі.
Стадионға мыңдаған көрермен жиналған. Іс-шараның ауқымдылығына қарамастан, концерт ұйымдасқан түрде өтіп жатыр: көрермендер өз орындарында, ал волонтерлер мен қалалық қызметтер тәртіптің сақталуына көмектесуде.
Кештен алған басты әсер – көрермен өзін музыка, жарық пен қуат тоғысқан біртұтас кеңістіктің бөлшегі ретінде сезінетін үлкен халықаралық шоу атмосферасы.
Оқи отырыңыз: «Тәртіпке, тазалыққа шақырамыз»: концертте еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр