Медеу ауданындағы мектептерде 4 мыңнан астам орын ашылады

РСК
РСК

Келер жылдың соңына дейін ауданда жаңадан 4 099 орын пайдалануға берілмек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Медеу ауданында жаңа оқу орындарын құрып, қолданыстағы мектептің жағдайын жақсартуды көздейтін жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қыркүйек айына дейін Құлжа тас жолының оңтүстігінде 2 000 орындық жаңа мектептің құрылысы бітпек. Сонымен қатар 599 орынға арналған жеке мектеп те салынып жатыр. Енді тағы екі жеке мектептің – Думан шағынауданындағы 1 200 орындық, екіншісі – Халиуллин көшесіндегі 300 орынға арналған мектептің құрылысы басталады. Осылайша, келер жылдың соңына дейін ауданда жаңадан 4 099 орын пайдалануға берілмек.

Жаңа мектеппен қатар, қолданыстағы білім беру мекемелерін кеңейту жағы да қолға алынған. Жыл соңына дейін №35 мектепке (300 орын), №99 мектепке (250 орын), НИШ мектебіне (320 орын), №131 мектепке (300 орын) қосымша ғимарат салынып бітеді.

Үш оқу орнында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. №33 пен №161 мектептегі жөндеу жұмысы биылғы қыркүйекте аяқталады. Самал шағынауданында орналасқан №30 мектепті «Кәсіпкерлер мектебі» жобасымен біріктіріп, соның арқасында қосымша 400 оқушы орны ашылмақ. Жөндеу жұмысын 2026 жылдың қыркүйегіне дейін, білім беру жобасын биылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Енді аз қамтылған отбасылардың балалары балабақшада тегін тамақтанады

Новости партнеров