"Мен сені сүйемін, Қазақстан": Алматы мектебінде айтыскер ақынмен кездесу өтті

24.10.2024 16:02

Әдеби-сазды кеште оқушылар ақынның Отан туралы жырларын жатқа оқыды

"Мен сені сүйемін, Қазақстан". Республика күні қарсаңында Алматыдағы №108 мектеп-гимназиясында осындай атаумен ақын Мөлдір Айтбаймен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Әдеби-сазды кеште оқушылар айтыскердің Отан туралы жырларын жатқа оқып, сөзіне жазылған әндерді шырқады. Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруды мақсат тұтқан кездесу соңы сұрақ-жауаппен жалғасты.

"Атамұра асыл қазынамыз айтыс арқылы ұлттық құндылықтармызды насихаттап, шәкірттеріміздің шығармашылық жетістігін одан әрі шыңдау мақсатында кездесу ұйымдастырылып отыр", - деді №108 мектеп-гимназияның директоры Руфинат Әлдіғазы.

"Батырларымыз ел үшін, жер үшін қан төкті. Одан кейін алашордашылар осы елдің болашағы үшін еңбек етті. Ендігі біздің мақсатымыз – солардан қалған аманаттың, сол махабаттың шырағын өшірмей, ары қарай лаулата білу", - деді ақын, айтыскер Мөлдір Айтбай.

Оқи отырыңыз: Алматыда "Жас сақшы" тобы құрылды