Мерекелік концерттер мен түрлі іс-шара: Алматы – дәстүрге берік қала

01.05.2026 17:41

Бүгінде мегаполис бірлігі жарасқан үлкен орталыққа айналып отыр

Аlmaty.tv

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концертке қала тұрғындары көптеп келді. Қонақтарды қазақ батырлары мен этномәдени орталықтардың өкілдері қарсы алып,  мерекені есте қаларлықтай етіп өткізуге бәрі де барын салды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мереке бірінен-бірі өткен әсем, көздің жауын алатын түрлі-түсті өрнектерге толы ұлттық киім кигендерге, әсерлі ән мен биге толы болды.  Мұның бәрі бір арнаға тоғысып, әр мәдениет өзінше үн қатқанымен, бәрі бір-бірімен үйлесіп тұрды.

Осындай көңіл күйді концерт алаңынан ғана емес, осы күні қаланың барлық жерінен байқауға болады.

Алматы халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарды ерекше ілтипатпен қарсы алып, «Халықаралық қонақтарға арналған құттықтау сыйлығы» акциясы аясында ұлттық нақыштағы естелік сыйлықтар табысталды.

Бұл игі бастама қаланың ашықтығы мен достық пейілінің белгісіндей болды.

Осылайша, бүгінгі Алматы мәдени орталық қана емес, бірлігі жарасқан үлкен орталыққа айналып отыр.

Азаматтық бастамаларды қолдау: шағын гранттар байқауына 500-ден астам өтінім түсті