Алматы жастары Джей Ло концерті қарсаңында тазалықты сақтауға шақырды

10.08.2025 09:48

Концерт барысында еріктілер қонақтарға көмектесіп, тәртіптің сақталуын қадағалайды

пресс-служба акима Алматы

Алматы жастары Джей Ло концерті қарсаңында тазалықты сақтауға шақырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

10 тамыз күні Алматының Орталық стадионында Дженнифер Лопес концерті өтеді. Осыған орай жастар мен волонтёрлер республикалық «Таза Қазақстан»  экологиялық акциясы аясында қала тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаға ұқыпты қарап, тазалықты сақтауға шақырды.

Стадион аумағы мұқият тазартылып, жаңа қоқыс жәшіктері мен қалдық жинау пункттері орнатылды.

Концерт барысында еріктілер қонақтарға көмектесіп, тәртіптің сақталуын қадағалайды. Бұл музыкалық мереке экологиялық мәдениеттің жауапкершіліктің және Алматыға деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісіне айналмақ.

Оқи отырыңыз: Алматыда Құрылысшылар күні қарсаңында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды