Алматыдағы YE концертіне 60 тегін шаттл қатынайды: көлік қозғалысы мен жол шектеулері қалай ұйымдастырылады

10.08.2026 12:16
пресс-служба акима Алматы

14 тамызда Алматының Орталық стадионында өтетін YE концерті күні көрермендердің қауіпсіздігі мен көлік қатынасын қамтамасыз ету бойынша арнайы шаралар ұйымдастырылады. Негізгі басымдық қоғамдық көлік жұмысына беріледі: іс-шара аяқталғаннан кейін қонақтарды қаланың алты бағыты бойынша 60 тегін шаттл тасымалдайды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Көрермендерге қолайлы болу үшін автобустар Орталық стадионнан мына бағыттарға қатынайды:

* Алматы Арена — 10 автобус;
* Райымбек батыр / «Алатау» метро бекеті — 10 автобус;
* Алматы-1 теміржол вокзалы — 5 автобус;
* Орбита — 5 автобус;
* Жұлдыз шағынауданы — 10 автобус;
* Алматы халықаралық әуежайы — 10 автобус.

Сонымен қатар қоғамдық көлік пен метрополитеннің жұмысы күшейтіледі. «Байқоңыр» метро бекеті сағат 21:00-де жолаушылар үшін жабылады. Концертке келушілерге «Абай» және «Мұхтар Әуезов атындағы театр» бекеттерін пайдалану ұсынылады. Метро жұмысы кемінде сағат 01:00-ге дейін, ал қажет болған жағдайда 03:00-ге дейін ұзартылады.

Концерттің өтуіне және қауіпсіздік шараларына байланысты сағат 16:00-ден бастап Орталық стадион маңында көлік қозғалысына кезең-кезеңімен шектеу енгізіледі. Қозғалыс мына көшелерде шектеледі:

* Абай даңғылы;
* Байтұрсынов көшесі;
* Сәтбаев көшесі.

Қауіпсіздік қызметтерінің шешімі бойынша жекелеген жол учаскелері ертерек жабылуы мүмкін. Оқиға орнында Полиция департаментінің қызметкерлері кезекшілік атқарып, жол қозғалысын бақылауды қамтамасыз етеді және көлік кептелісінің алдын алуға көмектеседі.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына бағытын алдын ала жоспарлау, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану және қала орталығындағы көлік қозғалысына енгізілетін уақытша шектеулерді ескеруге кеңес беріледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті

Толық көрсету