Туризм саласы Алматы экономикасына қосатын үлесін жыл сайын арттырып келеді. 2026 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында туризм саласы кәсіпорындарынан жергілікті бюджетке 30,4 млрд теңге көлемінде салық түсті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv
Басқарма мәліметінше, салық түсімдерінің негізгі бөлігін қоғамдық тамақтану орындары, ойын-сауық индустриясы, қонақ үйлер, туристік компаниялар және жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындар қамтамасыз етті.
Оқи отырыңыз: Алматы хайуанаттар бағына жарты жылда жарты миллионнан астам адам барған