Наурыз мейрамы: Алматыда түркі халықтарының көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі

Көрме қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орынға айналды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

21 наурыз күні Алматыда Наурыз мерекесіне орай түркі халықтарының көрме-жәрмеңкесі басталды. Іс-шара 23 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

 

Көрме алаңында Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген халық шеберлері мен қолөнершілердің бұйымдары ұсынылған.

Келушілер түркі халықтарының ұлттық дәстүрі, мәдениеті мен сәндік-қолданбалы өнерімен танысып, тоқыма өнімінен бастап әшекейлер, кәдесыйлар мен тұрмыстық заттарға дейінгі ерекше қолөнер туындысын сатып ала алады.

Көрме қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орынға айналды. Қонақтарға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылған: шығармашылық ұжымдар қатысқан концерт өтіп, ұлттық музыка шырқалды.

Іс-шараның мақсаты — мәдени байланысты нығайту, халық өнерін насихаттау мен Наурыз мерекесі күндері халықты бірлік пен достыққа үндеу.

Оқи отырыңыз: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Новости партнеров