Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

22.05.2026 17:25
пресс-служба акима Алматы

Достық даңғылы, 42/74 мекенжайындағы тұрғын үйге жапсарлас салынған жазғы алаңы бар заңсыз қосалқы құрылыс сот шешімімен сүріліп жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Басқарманың мәліметінше, бір қабатты кіреберіс қосалқы нысан мен қоғамдық тамақтану орны орналасқан жазғы алаң заңсыз салынған.

Жоспардан тыс тексеру барысында «ТАЙМАС LTD» ЖШС меншік иесіне әкімшілік шаралар қолданылып, заңсыз салынған нысан мен алаңды бұзу және ғимаратты бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама берілген.

Алайда меншік иесі бұл талапты орындамаған.

Осыған байланысты басқарма нұсқама талаптарын мәжбүрлі түрде орындату үшін мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берген. Бұдан кейін ұзаққа созылған сот талқылауы өтті.

2026 жылы 11 ақпанда Алматы қалалық сотының қаулысымен басқарманың талап арызы қанағаттандырылды. Бүгін Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Оқи отырыңыз:  Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай жалпықалалық сенбілік өтеді