Ораз Жандосов-125: Алматыда халықаралық жиын өтті

27.09.2024 16:57

Іс-шара аясында бұрын жарияланбаған құнды деректер ұсынылды

 

Алаш арысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосовтың туғанына биыл 125 жыл толды. Айтулы датаға орай, өзі негізін қалаған қазіргі Ұлттық кітапханада халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Жиынға Мәскеуден, Ташкенттен арнайы келген ғалымдар тарихи тұлғаның мұрасын дәріптеу ісін сөз етті. Сондай-ақ іс-шара аясында бұрын-соңды ғылыми айналымға түспеген, жарияланбаған құнды деректер оқырман назарына ұсынылды.

«Біз бұрын Ораз Жандосовты тек қайраткер есебінде, мемлекеттің негізін қалаған, кеңестік Қазақстанның бастауында тұрған тұлға ретінде көретінбіз. Ал ол кісі шын мәнінде, публицист, жазушы болған. Оның жазған дүниелерінде, публицистикалық мұраларында ұлт тарихы, елдің прогрессивті дамуы туралы материалдар, сондай-ақ Мәскеудің архивінен табылған, Өзбекстанның архивінен табылған құнды құжаттар бар», - деді алаштанушы Елдос Тоқтарбай.

Оқи отырыңыз: Өзге тілдің бәрін біл: қанша алматылық шетел тілдерін тегін үйреніп жатыр