Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды

Пресс-служба акима города Алматы
Пресс-служба акима города Алматы

MOST іс-шараларына 7 мыңнан астам адам қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда соңғы екі жылда IT-экожүйені дамытуға 19,2 млн АҚШ доллары (9,9 млрд теңге) инвестиция тартылды. Бұл туралы қаланың цифрландыру басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шаһар басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматыда 2022–2024 жылдарға арналған "Алматы IT-экожүйесін дамыту" үш жылдық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба смарт-қалалар, жасанды интеллект, үлкен деректер және тұрақты даму сияқты негізгі бағыттарда IT-экожүйені дамытуға және стартаптарды қолдауға бағытталған.

"MOST іс-шараларына 7 мыңнан астам адам қатысты. Тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 19,2 млн АҚШ доллары, ал стартаптардың жиынтық табысы 5,37 млрд теңгеге жетті. Жоба аясында 2 049 жұмыс орны құрылды", - делінген хабарламада.

Акселерация және инкубация бағдарламаларын 309 стартап сәтті аяқтады, олардың 16-сы халықаралық нарықтарда сатылымдарын растады. Жоба аясында 1 189 IT-маман мен 101 кәсіпкер оқытылды.

Сонымен қатар "Digital Urban Planner, Smart City Engineer" бағдарламасы бойынша 55 маман даярланды.

Оқи отырыңыз: Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылып жатыр

Новости партнеров