Жылу беру жүйесі іске қосылғаннан кейін басқарушы компаниялар ішкі желілердің жай-күйін тексеруі қажет.
«Алматы жылу желілері» ЖШС-нің апаттық бригадасы 1984 жылы пайдалануға берілген Ду-800 құбырындағы ақауды жою жөніндегі жұмысты аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сәтбаев – Достық – Тайманов көшелері аумағы және Самал-1, Самал-2, Самал-3 шағын аудандарында болған жылу желілеріндегі апат салдарынан жылу мен ыстық су өшірілген тұрғын үйлер мен басқа да нысандарға 2024 жылғы 24 желтоқсанда сағат 06:00-ден бастап жылу кезең-кезеңімен беріліп, жүйе жұмыс параметріне шығарылады.
Жылу беру жүйесі іске қосылғаннан кейін басқарушы компаниялар – ПИК, МИБ және ғимараттарға техникалық қызмет көрсетуші ұйымдарға ішкі желілердің жай-күйін тексеру қажет.
Еске саламыз, қандай да бір төтенше жағдай туындаса (су тасуы, бу шығуы және т.б.), өз бетінше әрекет жасамай, келесі нөмірлерге хабарласуларыңызды сұраймыз:
+7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы),
+7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін) немесе 109.