«Шапағат» орталығының қызмет алушылары «У Михалыча» демалыс орталығына барды

30.01.2026 17:45
пресс-служба акима Алматы

2026 жылы 28 қаңтарда Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының КММ «Шапағат» әлеуметтік қызметтер орталығының 1-бөлімінің қызмет алушылары «У Михалыча» демалыс орталығына барды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шара әлеуметтік-мәдени қызметтер аясында ұйымдастырылып, қызмет алушылардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, сонымен қатар иппотерапия әдісін пайдалана отырып өткізілетін жаттығуларға бағытталды.

Іс-шараны ұйымдастырушысы 1-бөлімнің әлеуметтік жұмыс маманы Иманбаева Алтын Маданиятовна. Сапар барысында қатысушылар туған өлкесінің табиғатымен танысып, таза ауада атқа мінді және салауатты өмір салтын қалыптастырды. Барлығы іс-шараға 50 адам қатысты. Ата-аналар алғыс білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Мұндай әлеуметтік-мәдени қызметтер «Шапағат» орталығының жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады және қызмет алушыларды қоғамдық және мәдени өмірге белсенді түрде тартуға ықпал етеді. Орталықтың негізгі мақсаты — жеке тұлғаның даму деңгейін оның жеке қажеттіліктерін ескере отырып арттыру, әлеуметтік бейімдеу және қоғамға бейімдендіру болып табылады. Белгіленген стандарттарға сәйкес орталық әлеуметтік тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызметтердің кең спектрін көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Алматы музейінде «Ғасыр жасаған Ұлт театры» көрмесі ашылды