2026 жылы 26 ақпанда Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Жамбыл кітапханасы: Жарты ғасыр жас ұрпақпен бірге» атты мерейтойлық салтанатты жиын өтеді. Іс-шара кітапхананың 50 жылдығына, Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына және мекемеге Жамбыл есімінің берілуіне 30 жыл толуына арналған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Аталған іс-шараға Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері, белгілі қаламгерлер, қоғам қайраткерлері, кітапхана ісінің ардагерлері, жас мамандар мен оқырмандар қатысады.
Іс-шара аясында ақынның шығармашылығына және кітапхана тарихына арналған кітаптар, ғылыми еңбектер, естеліктер мен басылымдар ұсынылатын бірегей кітап көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, «Кітапханада басталған жыр» атты ақындар айтысы ұсынылып, кітапхана оқырмандары мен дәстүрлі әншілердің орындауында әндер шырқалады.
Оқи отырыңыз: Алматыда туберкулезбен ауыру 60%-ға азайды